Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің ас мәзірін насихаттайтын жоба іске асырылуда

21 Ақпан 2019, 12:14 1874

Атырауда «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне татар-башқұрт халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағын өткізудегі мақсат – жатақхана студенттеріне әр түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарын дайындау арқылы ас пісірудің тұрмыстық дағдыларын  меңгерту, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Атырау мұнай және газ университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Л. Садыкованың айтуынша, жалпы 2018 жылы этномәдени бірлестік төрағаларына университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасынан жатақхана студенттеріне әр түрлі ұлт өкілдерінің ас мәзірін дайындаудан шеберлік сабағын өткізу туралы ұсыныс жасалған болатын. Себебі, жатақханада орналасқан студенттердің барлығы бірдей ас дайындауға мән бере бермейді. Сондықтан ұлттық дәстүрлерді дәріптеуде жастарға әр түрлі ұлттардың ас үйінен дәм татып,  тағамдарын өз қолымен әзірлеуге мүмкіндік бар.

Бүгінде осы жоба іске асырылып, шеберлік сабақтарын өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.    

Бөлісу: