Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырау қаласында Atyrau Creative Hub өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Аtyrau Creative Hub — өңірдегі шығармашыл жастар мен кәсіби мамандарға арналған ортақ алаң болып саналады. Хаб кітапхана, фотостудия, конференция залы және басқа да шығармашылық кабинеттермен жабдықталған.
Жобаның жетекшісі Нұрсұлтан Зиядаевтың айтуынша, Atyrau Creative Hub тек шығармашылық алаң емес, жаңа идеялар мен өңірлік ынтымақтастықты қолдайтын маңызды мәдени орталық.
Жобаның басты мақсаты — Атырау жастарын қолдап, креативті индустрияның дамуына серпін беру. Хаб шығармашылықты, кәсіпкерлік, білім және жергілікті қауымдастықты дамыту бағыттарын қамтиды. Бұл бастама өңірдегі креативті индустрияны дамытуға және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған, - деді Нұрсұлтан Зиядаев.
Ашылу салтанаты аясында жергілікті қолөнершілер мен шағын кәсіп иелерінің өнімдері ұсынылатын авторлық жәрмеңке, Атырау актерлері мен режиссерлері дайындаған ерекше музыкалық бағдарлама, BookCrossing және әдеби квиз Shyraq шығармашылық тобы ұйымдастырған кітап алмасу шарасы мен әдеби викторина ұйымдастырылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?