15.03.2023
19:37
1077
Атырауда шетелдік көлік иесі 900 мың теңге айыппұлын төлемеген

Атырауда шетелдік көлік иесі 900 мың теңге айыппұлын төлемеген

Төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтаған.

Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.