Атырауда сақинасын шеше алмай қалған оқушыға құтқарушылар көмектесті

16 Қыркүйек, 08:44 616

Атырауда 11 жасар қыз саусағындағы сақинасын өздігінен шеше алмай қиналған. Оқушыға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нарын көшесінінің тұрғыны 11 жастағы қызы саусағынан сақинаны өздігінен шеше алмағанын айтып, құтқарушыларға хабарлаған. Оқиға орнына келген мамандар арнайы кескіштің көмегімен сақинаны шешіп берді. Құтқару операциясы бірнеше минутқа созылды.

“Құтқару жұмыстарына 4 құтқарушы жұмылдырылды. Мұндай жағдайларда уақытылы көмек көрсетудің маңызы зор. Саусақтың фалангасы ұзақ уақыт қысылып тұрса, оның ампутациясына әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандарға хабарласу керек”, - делінген ТЖД мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: