Атырауда самокатпен көлікке соқтығысқан 2 жасөспірімнің бірі жансақтау бөліміне түсті

26 Шілде 2023, 11:04 812

Атырауда самокатпен көлікке соқтығысқан 2 жасөспірімнің бірі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  оқиға 24 шілде күні сағат 21:15 шамасында Әбілхайырхан даңғылы бойында орын алған.

Оқи отырыңыз:

Самокатпен келе жатқан 2013 ж.т., 2017ж.т., жасөспірімдер маркасы Hyundai Accent көлік құралымен соқтығысқан. Соққы салдарынан 2017 ж.т., жасөспірім бала дене жарақаттарын алып, жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Тиісті іс-құжаттар жинақталып, қалалық полиция басқармасының анықтау бөліміне тапсырылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: