14.09.2023
16:02
900
Атырауда қылмыстық топ 100 млн теңгенің электр кабелін ұрлаған

Атырауда қылмыстық топ 100 млн теңгенің электр кабелін ұрлаған

Атырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 қыркүйек күні Атырау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданының аумағында бағанаға ілінген электр кабельдерін жасырын жымқырып жүрген екі 26 жастағы, 25 жастағы, 24 жастағы аудан тұрғындарын анықтаған.

Сондай-ақ 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде 7-8 қыркүйек аралығында жымқырылған шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген. Күдіктілерді жауаптау барысында жасаған әрекеттерін мойындаған, ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір металл қабылдау орталығына тапсырғандарын көрсеткен, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.