Атырауда құтқарушылар 13 жастағы сақинасын кесуге мәжбүр болды

Атырауда құтқарушылар 13 жастағы сақинасын кесуге мәжбүр болды

Атырауда сақинасын саусағынан шеше алмаған қыз балаға ТЖМ құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атырау қаласында құтқарушылар көмегіне 2012 жылы туған қыз бала жүгінген. Әшекей қатты қысып, ауыртқан соң анасы құтқарушыларды шақыруған мәжбүр болғанын мәлімдеді. 

Оқиға орын алған жерге жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымы шықты. Олар зардап шеккенді қарап, сақинаны ақырын кесіп, оны саймандардың көмегімен саусағынан шешіп тастады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бұл ретте ТЖМ тым тығыз сақина тағу саусақтың қан алмасуы үшін зиянды екенін қаперге салып отыр.