29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары“Қарасора – 2023” іс-шарасы барысында Атырау облысының полицейлер құны 1,5 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысты деген күдікпен 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын анықтады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 15 полимерлі зип-пакет, жалпы салмағы 35,34 грамм есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ заты бар бір пакет, электрондық таразы, Iphone және Vivo телефондары, 144 мың теңге, 701 АҚШ доллары тәркіленген.
Сараптама қорытындысымен алынған заттын салмағы 35,34 грамм синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек