Атырауда полиция қызметкері лифтіде қалған бала құтқарды

30 Шілде, 21:16 6717

Атыраулық полицей лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. "102" операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен. Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.

Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жалғыз қалып жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Бұл ретте полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертіп отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: