Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырау облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, концлагерьдің бұрынғы тұтқыны Екатерина Абсатыроваға Мемлекет басшысының атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медалін табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екатерина Абсатырованың өмірі мен еңбек жолы ерлік пен табандылықтың, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі. Соғыс жылдарындағы тұтқын ауыр сынақтарға қарамастан, болашаққа деген сенімін жоғалтпай, Жеңістің жақындатуға өз үлесін қосты, ол 1931 жылы 19 қаңтарда Мордовияда дүниеге келген. Оның отбасын 1941 жылы тұтқынға алып, біраз уақыт фин концлагерінде ұстаған. 1944 жылы азат етілген соң колхозда еңбек етті. 1968 жылы отбасымен бірге бұрынғы Гурьевке қоныс аударып, зейнетке шыққанға дейін Локомотив депосында жұмыс істеді, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Атырау облысында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медалімен 754 ардагер марапатталған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі