Атырауда өрт кезінде 40 адам эвакуацияланды

15 Қыркүйек, 16:47 253

И.Тайманов көшесі бойындағы 9 қабатты үйде 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай 12 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам, оның ішінде 10 балалар эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: