Атырау облысында мотоциклмен жолға шыққан ауыл тұрғыны жолда қалып қойған. Ол құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Исатай ауданында 1995 жылы туған ер адам мотоциклмен Қызылүй ауылынан Аққыстау ауылына жолға шыққан. Бірнеше ондаған шақырым жүріп өткен соң мотоцикл кенеттен бұзылыпты.
Төтеншеліктер дереу жолға шығып, ауыл тұрғынын Аққыстау ауылына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.