Атырауда мемлекеттік тілде жауап бермеген мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды

27 Шілде 2023, 17:17 1269

Атырауда мемлекеттік тілді қолдану ережесін бұзған екі мейрамхана жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің орынбасары соңғы кездері Атырау облысы әкімдігіне қала тұрғындары атынан қоғамдық орындарда, әсіресе мейрамханалар мен кафелердегі көрнекі ақпаратта, соның ішінде ас мәзірлерінде мемлекеттік тілді заңдылық талаптарға сәйкес пайдаланбау фактілері туралы хабарлар, өтініштер көп түсетінін алға тартқан. 

Оқи отырыңыз:

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  21-бабына сәйкес, басқа да көрнекі ақпараттармен бірге, ас мәзірлері де мемлекеттік тілде ұсынылуы керек. Қажеттілік болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Сондықтан, халыққа қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге Тіл туралы және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңдылық аясында қызмет көрсетуге міндетті екенін еске салғым келеді, – деп жазды Ж.Бисембиев

Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері қазақ тілін қолдану ережесін бұзған 2 мейрамханаға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылған.

 

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: