Атырауда малшы ауыл маңынан зымыран снарядын тауып алған

26 Қыркүйек 2023, 12:01 924

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын тауып алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған.

Құзырлы орган өкілдері аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты "Арлан" арнайы жасағының саперлері барған.

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, оқиға туралы барлық құзырлы органға хабарланған. 

Зардап шеккендер жоқ.

Равиль Ашығали
Бөлісу: