Атырауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

11 Сәуір, 21:29
844
Атырауда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға Азаттық даңғылы бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенге дейін 46 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.
Төтеншеліктердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмей, дер кезінде сөндірілді. Қызыл жалын аумағы - 60 шаршы метр.
Бөлісу: