16.04.2024
21:10
1010
Атырауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Атырауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін кешкі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, 1-қабаттағы пәтер өртенген. ТЖД күшімен өрт сатысы арқылы 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. 

Қызыл жалын сағат 20-16 өрт сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.