Атырауда көлік аударылып, 2 адам қаза болды

5 Мамыр 2023, 23:54 969

Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 64 шақырым тұсында болды. Toyota автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі көлікті игере алмай, жол жиегіне аударылып кетті. 

Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылғы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп хабар таратты полицейлер.

Перизат Саденова
Бөлісу: