Атырауда ХVІІ облыстық украин ұлттық фестивалі өтті

10 Желтоқсан 2019, 21:33 3209

Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ХVІІ облыстық «Червона Калина» украин ұлттық фестивалі өтті.


Жексенбілік шараға қатысқан Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары әдемі кештің куәсі болды.


Мерекелік шара Украинаның Қазақстандағы елшісі Иван Кулеба мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы Юрий Тимощенконың құттықтау хатымен ашылды.


Фестиваль барысында өнер көрсеткен халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары «Хуторянка» ансамблі, «Тропикана» балалар би ансамблі, «Фламинго» би тобы, «Топ Дэнс» би театрының студиясы мен «Мрия», «Спиваночка», «Любава» вокалдық топтарының ерекше өнерлері және Украинадан келген әнші Дарина Забишнаның, халықаралық Ресей конкурстарының лауреаты Жанар Сарсенованың, сондай-ақ бір топ өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер қазақ халқы мен украин халқының арасындағы рухани сабақтастықты айқындай түскендей.

Бөлісу: