Атырауда әкесі мен баласы суға батып кетті

25 Тамыз 2022, 23:17 969

Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болған.

Суға шомылуға барған әкелі-балалы Жайық өзеніне батып кетті. деп хабарлайды El.kz Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болған. Сағат 16:08 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен ер адам мен баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына келген құтқарушылар 27 жастағы ер адамды және оның 9 жастағы баласын іздестірген.

"Төтенше жағдай департаментінің күшімен сағат 16:35-те ер адамның, 18:44 шамасында баланың денесі табылып, судан шығарылды", – делінген хабарламада.

Марқұмдардың жабдықталмаған жерде суға шомылғаны анықталды.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-нің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.


Бөлісу: