Атырау қаласының «Мұнайшылар» спорт кешенінде этномәдени бірлестіктер арасында спорттың волейбол, үстел теннисі және тоғыз құмалақ түрлерінен «Достық Кубогі» облыстық спартакиадасы өтті.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға бағыттау,сондай-ақ, Атырау облысы этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты, достықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараға бес этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, қызықты тартысты додаға түсті.
Жастар жылында әр этномәдени бірлестіктерден қатысқан спортшылар аталған спорт түрлерінен өз деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Нәтижесінде командалық есепте «Ынтымақ» Өзбек этномәдени бірлестігі І орынды қанжығасына байлады. Ал ІІ орынды Ұйғырлар қоғамы Атырау облыстық филиалының командасы, ал ІІІ орынды «Светоч» Славян этномәдени бірлестігі иемденді.
Барлық жүлделі орын алған жеңімпаздар мен командалық топтар дипломдармен, медальдармен, Алғыс хаттар қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.