Атырауда «Dostar fest» достық фестивалі өтті

28 Қазан 2019, 16:06 2444

Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Dostar fest» достық фестивалі өтті.


Ұйымдастурушылардың ақпаратына сәйкес, фестивалді өткізудегі мақсат – Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту, жан-жақты достық пен мәдени байланыстардың дамуына ықпал ету.


Көңілді кештің сәнін «Інжу-Маржан» ансамблі «Шашу» биімен ашып, «Былина» орыс этномәдени бірлестіктің орындауындағы туындылар қазақ және өзге тілдерде шырқалып, дүйім көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Достық кештің соңы Алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.


Бөлісу: