Атырауда бүлдіршінді тепкен балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда бүлдіршінді тепкен балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда бүлдіршінді тепкен тәрбиеші оқиғасына қатысты полиция пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға "Зейнеп-Әмина" мектепке дейінгі білім мекеменің даярлық тобында болған. 

Аталған факт 15 қаңтарда Атырау шағынауданындағы балабақшалардың бірінде болған. Қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, біз бұған дейін бөбекжай балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тепкені туралы жаздық. Бұл оқиғадан кейін мекеме қызметкері жұмыстан шығарылды.