Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

6 Желтоқсан 2023, 20:48 734

Атырау облысында букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 желтоқсанда таңғы уақытта букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген.

Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.

Полиция қызметкерлері көп ұзамай 25 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. 

Берік Арманов
Бөлісу: