Атырауда бойжеткен көпірден секіріп кетті

26 Сәуір 2023, 19:09 851

Атырауда көпірден секірген 23 жастағы бойжеткен құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 26 сәуірде,​ Атырау қаласында болды.

Бұл туралы полиция қызметкерлерінен бүгін жергілікті уақытпен сағат 15:50-де байланыс бекетіне хабар түсті. Атырау қаласындағы Тұрғындар қалашығы шағынауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінен 23 жастағы бойжеткен Жайық өзеніне секіріп кеткені анықталды. Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді құтқарып қалды. 2000 жылы туған қыз Т.А.-ға «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің​ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Құтқару жұмыстарына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 3 қызметкер мен 1 техника, «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесінен 3 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 5 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

EL.KZ
Бөлісу: