29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысының балық шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі балық өсіру кәсіпорындарының қызметімен танысты және мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Вице-министрге бекіре балығын өсіретін зауыттардың қазіргі жағдайы мен жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды.
Сапар барысында Аманғали Бердалин «Каспий Бекіресі Лимитед» ЖШС-на барды. Бұл шаруашылық торлы тоғандарда бекіре өсіруге маманданған. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 20 тонна балық пен 1 тонна қара уылдырық өндіру құрайды.
Сондай-ақ, вице-министр «Абылай-хан» ЖШС мен «Амангелді атындағы» ЖШС зауыттарын аралады. Бұл кәсіпорындар балықты қайта өңдеумен және экспорттық әлеуеті жоғары өнім шығарумен айналысады. «Амангелді атындағы» ЖШС – өңірдегі ең ірі балық өңдеу зауыттарының бірі, онда тұрақты түрде 90-ға жуық адам, ал маусым кезінде 1,5 мыңға дейін жұмысшы еңбек етеді. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 150 тонна балықты құрайды.
Ал, «Абылай-хан» ЖШС зауыты балық аулаудан бастап өңдеуге дейінгі толық циклмен жұмыс істейді. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 3 мың тоннаға дейін өнім шығару.
Сапар аясында вице-министр заманауи «А-Дана» балық шаруашылығы кешенінің құрылысымен де танысты. Бұл кәсіпорын тұйық су айналымы жүйесінде теңіз сибасын өсіруге маманданатын болады. Оны іске қосу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. Кешеннің жоспарланған қуаты – жылына 80 тонна балық және 15 миллион бекіре шабағы.
Жұмыс сапарының соңы Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген 7 шаруашылықтың 30-ға жуық балық өнімдері мен қолөнер бұйымдарын ұсынған арнайы жәрмеңкемен аяқталды.
Балық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді орындау аясында жалғасуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек