27.03.2024
06:30
998
Атырауда балшықта тұрып қалған жедел жәрдем көлігіндегі үш адам құтқарылды

Атырауда балшықта тұрып қалған жедел жәрдем көлігіндегі үш адам құтқарылды

Атыраулық құтқарушылар балшықта тұрып қалған жедел жәрдем көлігіндегілерге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Исатай ауданындағы Аққыстау кентінің 16 шақырым жерінде болған.

ТЖМ мәліметінше, 27 наурыз түнгі уақытта науқасты алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі балшық массасында тұрып қалған. Көлік салонында жедел жәрдем бригадасының екі қызметкері мен жүкті әйел болған. 

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 қызметкер және "Болат жол" ЖШС-інен 1 адам мен 1 техникасы жетті. Трактордың көмегімен медициналық мекеме көлігі таза жолға шығарылды.