Атырауда балабақшалардың тәрбиеленушілері қазақтың ұлттық ойындарында жарысты

10 Қыркүйек 2018, 06:22 3713

Атырауда №33 «Көркемай» балабақшасында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық  жобасы аясында «Тиімді тілдік орта» байқауы ұйымдастырылды.  

Ұйымдастырушылар түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың ойындарын ойнату арқылы қазақтың ұлттық құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздеген.

Балалар қазақ халқының ұлттық ойындары: асық ату, білек сынасу, арқан тартыс сияқты ойындарға қатысып, мәз-мейрам болды. Бұған қоса, балабақшалардың тәрбиешілері де ұлттық ойын сайысына белсене атсалысып, тоғызқұмалақ ойнады.

Жалпы шараға 5 балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысты. Алдағы уақытта аталмыш шараны мектептер мен колледждерде ұйымдастыру жоспарлануда.

Аталмыш шара Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Атырау облысы əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Бөлісу: