Атырауда аймақтық этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеуге қатысты мәселелер талқыланды

7 Ақпан 2019, 12:18 1728

Атырау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық  этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу жөніндегі өңірлік комиссиясының отырысы өтті.

Оған Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Гүлмира Шакирова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, комиссия хатшысы Жанат Досқалиева және басқалары қатысты.

Отырыс барысында өңірлік комиссия мүшелері Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу ережесін талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Комиссия мүшелері аккредиттеу бойынша қиындық тудыратын тармақтарды талқылап, этномәдени бірлестіктердің басшыларына түсінік жұмыстарын жан-жақты жүргізу, Атырау облысы бойынша этномәдени бірлестіктердің статусын сақтап қалу және жұмысын одан әрі жандандыру қажет деген ұсыныстарын білдірді.

Бөлісу: