Атырауда ауыз судан 800-ге жуық сынама алынды

21 Мамыр, 22:11 529

Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызының айтуынша, аймақта төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ауызсудан 800-ге жуық сынама алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ауыз су сапасын анықтау мақсатында мамандарымыз тасқын болып жатқан аудандардағы ауызсудан 800-ге жуық сынама алды.
24 жағдайда судың лайлылығы мен дәміне байланысты, гигиеналық нормативке сәйкессіздік анықталды. Мамандар су қондырғыларына тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ, ашық су көздерінен 98 сынама алынды. Тасқын болып жатқан аумақтарда судың сапасын бақылауға арналған жұмыстар күшейтілуде, - деді спикер Айгүл Сабырқызы.
Перизат Саденова
Бөлісу: