Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті. Оқиға Исатай мен Махамбет алаңында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында 1985 жылғы ер адам тізгіндеген электромотоцикл оқушы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Жүргізуші медициналық сараптамадан өткен. Тексеру нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.