Атырауда ТЖМ құтқарушылары баланың саусағын шайбадан алуға көмектесті El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне 5 жасар баланың анасы көмек сұрап келді. Ол саусағын темір шайбаға салып, оны шығара алмаған. Дәрігерлер құтқарушыларға жүгінді.
ТЖМ қызметкерлері «тістегіш» авариялық-құтқару құралының көмегімен металл бөлшекті ақырын кесіп, шайбаны алып тастады. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут уақыт кетті. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген мәліметте.
ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.