Атырауда 4 жыл құжатсыз жүрген шетелдік анықталды

4 Қазан 2023, 20:17 613

Атыраулық полицейлер елде 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Атырауда 2-8 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, яғни әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу.

Атырау қаласы полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2019 жылдан бері құжатсыз жүрген 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Шетелдік азамат Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келгенін және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан.

Алайда құжаттарын іздеуді немесе жаңалауды ойламаған. Атыраулық полицейлер 34 жастағы шетелдікті қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Берік Арманов
Бөлісу: