Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.
Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.