Атырауда 300-ден астам бүлдіршін Рождество мерекесі қарсаңында Аяз атаның сыйлығын алды

10 Қаңтар 2020, 16:34 2506

Атырауда Жыл басы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Рождество Христова мерекесімен басталды.


Жыл сайынғы дәстүр бойынша Рождестволық шырша құрылып, «Былина» бірлестігінің белсенділері кезекті концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.



Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан Успен Храмының настоятелі Михаил мен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев Атырау тұрғындары мен қала қонақтарын Рождество мерекесімен құттықтап, барша қатысушыларға бейбітшілік, бақыт және амандық тіледі.

Успен соборының жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері, «Былина» шығармашылық ұжымының «Калинка», «Пляска» биі, «Гурьевчанка» вокалдық ансамблінің «Порушка поранья» әні, Павел Скляренко жетекшілік ететін Орыс халық театрының «Жаңа жылдық ертегі» спектаклінің қойылымы, «Камелия» хореографиялық ансамблі мен «Фантазия» вокалдық студиясының дайындаған бағдарламалары мерекенің көркін аша түсті.

Шара соңында мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына 300-ден астам жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

Бөлісу: