Атырауда 26 субъектіге жерді заңсыз иеленгені үшін айыппұл салынды

7 Қазан, 16:41 342

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 га құрады. Әкімшілік айыппұлдар 4,2 млн теңге көлемінде салынды.

Сондай-ақ департамент бір жыл бұрын 60 га жер учаскесін иеленген "Ш" шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын, - делінген мәліметте.

Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: