Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді

8 Қазан, 08:35 395

Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақтөбе – Астрахань тас жолының 620 шақырымы тұсында күдік тудырған екі автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктердің салонынан салмағы барлығы 242 келі болатын бекіре тұқымдас балық өнімдерін тәркіледі.

Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Қазіргі таңда Жайық-Каспий бассейнінде қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету шаралары әрі қарай бөлім қызметкерлерімен жалғастырылуда, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: