Атырауда 17 жастағы жасөспірім көпірден секірмек болған

10 Желтоқсан, 10:13 398

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 9 желтоқсан күні Жедел басқару орталығына Бергалиев көпірінде белгісіз адамның секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түсті.

 Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстінде жасөспірімнің секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлескен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: