Атырауда 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталды

19 Қыркүйек 2023, 12:36 627

Атырау облысында 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 қыркүйек күні Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: