Атырау облысының құтқарушыларына жаңа техника табысталды

21 Қыркүйек 2023, 18:27 689

Атырау облысы ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жарақтандыру және нығайту жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 бірлік жедел автокөлік сатып алынды.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жаңа автокөліктердің кілттерін құрылымдық бөлімдер басшыларына салтанатты түрде табыс етті.

Сырым Шәріпханов азаматтық қорғау қызметінің жұмыс сапасы одан әрі артатынына сенім білдірді. 

Құтқару бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп ТЖ министрі атап өтті.

Сонымен қатар, министр облыс әкімінің орынбасарымен бірге жергілікті бюджет есебінен алынған авариялық-құтқару құралдары мен техникаларын қарады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: