13.09.2023
02:35
1030
Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолы Аққыстау ауылының тұсында, күдік тудырған Lada Kalina автокөлігін тоқтатты. 

Тексеру кезінде 1997 ж.т жүргізушінің  көлігінің  жүксалғышынан шамамен 80 келі бекіре тұқымдас балық табылды. 

ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.