Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында қала тұрғындары мен қонақтары Ұлыстың ұлы күні - Наруыз мерекесі кеңінен атап өтті.
Әр киіз үйдің алдында Наурыз көже мен бауырсақтар таратылып, ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталды.
Орталық алаңда концерттік бағдарламамен қатар театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері де белсене атсалысты. Өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, қалың көрерменге өз өнерлерін тарту етті.
Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесу рәсімін жасап, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев қадам басқан бүлдіршіннің тұсауын кесіп, бата-тілегін арнады.
Этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері қазақ тілінде ән шырқап, би билеп, Атырау халқын осынау ұлы мерекемен құттықтады.