Атырау облысындағы жолдың бір бөлігі уақытша жабылды

28 Мамыр, 15:36 740

Бүгін, 28 мамырда сағат 10:30-да «Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы» уақытша айналма жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүк көлігінің қозғалысына шектеу 646 шақырымнан 647 шақырымға дейінгі жол учаскесіне, сонымен қатар Атырау – Х.Ерғалиев ауылына қойылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, бұл шешім Байшақа өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және жолдың қирау қаупіне байланысты қабылданған.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, бүгін Жайық өзенінде су деңгейі сәл көтерілді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: