Атырау облысындағы Жалғансай ауылында су айдау жұмыстары аяқталды

28 Мамыр, 00:26 667

22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылып, су елдімекенге қарай тараған болатынды. Сумен шайылған бөгет толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. Жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды.

Ұзындығы 7 км бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: