26.12.2023
06:35
1113
Атырау облысында жол апатынан бір адам бақиға аттанды

Атырау облысында жол апатынан бір адам бақиға аттанды

Атыраудан Орал қаласына қатынайтын жолда екі көлік соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды. Ал бір жүргізуші мен 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 25 желтоқсанда тіркелген.

Жергілікті уақытпен күндізгі сағат 10:30 шамасында «Атырау-Орал» республикалық тас жолында екі көлік соқтығысты. Көліктің бірі – LADA Granta, ал екіншісі – Škoda Octavia. Жол апатынан LADA Granta автокөлігіндегі 1990 жылғы жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. Škoda Octavia автокөлігінің жүргізушісімен 3 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол-көлік апатының себебін анықтап, тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр.