22.10.2022
22:36
2318

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz.

22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.

Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі