Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

16 Шілде 2023, 21:10 1903
16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Құрметті тұрғындар, көлік жүргізушілері, жолаушылар! Жол апатының арты ауыр зардаптарға әкеп соқтырады! Өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз! Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.20021:06
Берік Арманов
Бөлісу: