Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

20 Мамыр 2023, 17:10 955

Атырау облысында жол апатынан 4 өзбекстандық азамат қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның бүгін болғанын мәлімдеді.  Жол апаты сағат 02:20 шамасында Атырау облысының аумағында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133-ші шақырымында Toyota Ipsum мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі өртеніп кетті. Оның жүргізушісі мен 3 жолаушысы мерт болды. Ал, 2 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау – адам өмірін сақтау. Жүргізушілерге өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды ұдайы ескертіп келеміз. Бүгін түнде төрт адамның өміріне қиылған жол апаты орын болды. Арасында 4-5 жас шамасындағы бүлдіршін бар. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көз жұмғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары екені анықталды, - деді патрульдік полиция ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Оның сөзінше, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. Жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін 8, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылған 2 рет хаттама жазылып, айыппұл салынған. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: