Атырау облысында жасырын казино анықталды

17 Наурыз 2023, 11:12 1211

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырауда жасырын казино жұмысын жүргізгендерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3 300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалардан жауап алынды, - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

EL.KZ
Бөлісу: