Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

11 Сәуір, 08:30 454

Атырау облысы аумағында 1 сәуірден бастап «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпрат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, өңір полициясы балықтың заңсыз айналымымен байланысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр. бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, «Жайық-Атырау бекіре өсіру» зауытына тапсырылды, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: