13.05.2024
22:17
991
Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Атырау облысы Алмалы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы ТЖД күштері Алмалы ауылынан 2 адамды эвакуациялап, малды қауіпсіз жерге көшірді, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде осы елді мекенде 40 мыңнан астам қапшық төселіп, 8 км астам бөгет тұрғызылғаны мәлім болды.